07 ақпан 2021 | 12:01

Жамбыл облысындағы пойыздың рельстен шығып кетуі: жөндеу жұмыстары жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Жамбыл облысының ТЖД Фото: Жамбыл облысының ТЖД

Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кеткеннен кейін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысында пойыз рельстен шығып кеткеннен кейін жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Бұл туралы облыстық ТЖД айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін таңертеңнен бері жолды қалыпқа келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Платформаны тазалау мен электр беру желілерін жөндеуден өтіп жатыр. Әдеттегі жұмыстар қтж-да өтетіндіктен толығырақ ақпарат алу үшін соларға жүгіну керек", - деді Жамбыл облысының  ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

ТЖД өкілдерінің сөзінше, сағат 21.30-да тақ жол қозғалысы қалпына келтірілді.

Еске салайық, 6 ақпанда Жамбыл облысында Шу-Алматы бағытындағы жүк пойызы рельстен шығып кеткен болатын. 

Салдарынан Отар станциясында кідіріс болды:

Алматы - Нұр-Сұлтан бағытында № 3 жолаушылар пойызы 4 сағат 45 минутқа (167 жолаушы, оның ішінде үш бала, 18 вагон);
Алматы - Петропавл бағытындағы № 15 жолаушылар пойызы 2 сағат 37 минутқа (445 жолаушы, 43 бала, 16 вагон);
Алматы-Атырау бағытындағы № 41 жолаушылар пойызы 1 сағатқа (227 жолаушы, оның ішінде 1 бала, 17 вагон);
Алматы - Қостанай бағытындағы № 43 жолаушылар пойызы 30 минутқа (200 жолаушы, 1 бала, 19 вагон).

Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети