Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі іс бойынша сот алдында жауап береді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі іс бойынша сот алдында жауап береді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас әскери прокуратура Гвардия гарнизонындағы әскери бөлімнің рота командиріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, оның қызметке салғырт қарауы салдарынан мерзімді қызметтегі сарбаз қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Бас әскери прокуратура Гвардия гарнизонындағы әскери бөлімнің рота командиріне қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталғанын хабарлады. Тергеу мәліметтері бойынша, оның қызметке салғырт қарауы салдарынан мерзімді қызметтегі сарбаз қаза болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Не болған?

Мерзімді қызметтегі әскери қызметші биыл 27 қаңтарда Жамбыл облысында қаза тапты. Ол кезде Бас прокуратура мерзімді қызметтегі сарбаздың қарумен жұмыс істеу кезінде ажал құшқанын хабарлаған болатын.

ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, оның барысы Бас прокурордың жеке бақылауында болды. Оқиға орнына Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы барды.

Тергеу не анықтады?

Бас әскери прокуратура мәліметінше, тергеу барысында рота командирі жеке құрамның қызмет өткеруін, сондай-ақ әскери қызметшілердің қару қолдануын тиісті деңгейде бақыламағаны анықталды. Сонымен қатар ол қаза тапқан сарбаздың әріптестеріне қатысты өкілеттігін асыра пайдаланған.

"Қысқа мерзімде қажетті дәлелдемелер жиналып, қылмыстық іс сотқа жолданды. Сарбаздың өліміне қатысты басқа да мән-жайларды тергеу жалғасып жатыр. Істің барысы Бас әскери прокуратураның ерекше бақылауында", - делінген хабарламада.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 472.42   544.68   5.88 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети