Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: Тоқаев шынайы себебін анықтауды тапсырды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы сарбаздың өлімі: Тоқаев шынайы себебін анықтауды тапсырды Фото: Inaktau.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы Гвардейск әскери қалашығында маңғыстаулық сарбаз Әлібек Саламатұлы Қалбайдың қаза болуына байланысты жақындары мен туыстарының орны толмас қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.

Президенттің пікірінше, бейбіт күнде әскердегі сарбаз қаза болмауға тиіс. Ата-ана баласын әскерге жібергенде оның қауіпсіздігі үшін алаңдамауы керек. Бұл – мемлекетіміздің мойнына алған міндеті.

Президент осы оқиғаға қатысты Бас прокуратура мен Қорғаныс министрлігіне және құзырлы органдарға жауынгердің өліміне қатысты жан-жақты тексеру жүргізуді және шынайы себебін анықтауды тапсырды.

Маңғыстаулық сарбаз әскерге шақырылғанына бірнеше күн өткенде қайтыс болғаны белгілі болды. Оқиға Жамбыл облысы Қордайда болған. 22 сәуірде Мерзімді қызметтің қатардағы жауынгері Әлібек Қалбай Гвардейский кентіндегі қалалық типтегі әскери ауруханада қайтыс болған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.49  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети