Жамбыл облысындағы төбеден екі оқушы тарихи жәдігер тауып алды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Жамбыл облысындағы Қаракемер ауылының екі оқушысы көне құмыраны тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысындағы Қаракемер ауылының екі оқушысы көне құмыраны тауып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Археологтардың айтуынша, қола әшекейлері бар бұл жәдігер біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ғасырларына жатады. Енді мамандар тарихи олжа орнында зерттеу жұмыстарын жүргізбек.

Былтыр көктемде Төле би атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Артем Муравьев төбеде ойнап жүріп, байқаусызда таңбалары мен керамикалық бұйымдары бар білезікті тауып алады. Біраз уақыттан кейін 6-сынып оқушысы Жұмабай Қасымхан қола сырғалар мен білезіктер тапты. Тарихи олжа туралы ұлдар бірден ересектерге айтып берді. Жергілікті мектепте тіпті осындай жәдігерлер қойылған бұрыш та бар.

"Мен оны достарыммен ойнап жүріп таптым. Ішінде бірнәрсе жылтырап тұрды. Кейін мен оны қазып алуға тырыстым. Қарап шықтым, қызық деп ойлап мектепке апардым", - дейді Артем Муравьев.

Ғалымдар IX ғасырда бұл жерлерді Қарлұқ қағанаты билесе, бір ғасырдан кейін Қарахандар келді дейді.

"Төрткүл төбесінен ауылымыздың әсем көрінісі көрінеді. Сол жерге көтеріліп, аяғымның астынан осы тарихи жәдігерді байқап, мектепке апардым", - дейді Жұмабай Қасымхан.

Бұл төбе - сол заманда Ұлы Жібек жолының бас тармағы болмаса да, қосалқы тармағында орналасқан "Адахнет" деген елді мекен еді. Археологтардың айтуынша, соған қарамастан, мұнда сауда жақсы дамыған.

"Бұл жерде әлі зерттеу жұмыстары жүргізілген жоқ. Бірақ жергілікті тұрғындар тапқан жәдігерлерге сүйенсек, бұл елді мекен біздің дәуіріміздің ІХ-ХІІ ғасырларында болған деп айта аламыз", - дейді тарихшы Сауран Қалиев.

Мамандар құмыраның жақсы сақталғанына қарап, зерттеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

9°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro