Жамбыл облысының әкімі үздік түлектерге диплом тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының әкімі үздік түлектерге диплом тапсырды Сурет: Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов үздік түлектерге диплом тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов үздік түлектерге диплом тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тараз қаласындағы Жастар аллеясының Білім алаңында облыстағы іргелі оқу орны М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2022 жылғы үздік түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті.

Диплом тапсыру кешін облыс әкімі Нұржан Нұржігітов арнайы қатысып, білім-ғылым жолында үздік шыққан бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі. Өңір басшысы магистр дәрежесін иеленген 20 түлекке үздік үлгідегі диплом тапсырды.

Сондай-ақ өңірімізге белгілі тұлғалар, ғылым жолындағы есімі белгілі ғалымдар үздіктерге диплом тапсырды. Атап айтсақ, Жамбыл облысының прокуроры Нұрғалым Әбдіров, облыстық маслихаттың хатшысы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбеков,тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Тараз инновациялық-институтының  бірінші проректоры Асқар Абдуалы,техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инжинерлік академиясының академигі, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, ҚР Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Сағат Жүнісбеков бакалавр дәрежесін алған 265 үздік бітірушіге диплом тапсырды.

Кешке арнайы шақырылған қонақтар, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің үздік дипломмен бітіруші түлектері, профессор оқытушы құрамы, БАҚ өкілдері қатысты. Белгілі әнші Сиви Махмуди, Асан Пердешов тағы да басқа эстрада әншілері әннен шашу шашты.

Айта кету керек, бүгінде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 15113 студент білім алуда. Соның 4 572-сі биыл қолға диплом алып, үлкен өмірге қанат қақты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети