Жамбыл облысының тұрғыны құмар ойынға құнығып, өз ауылының малын ұрлаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысының тұрғыны құмар ойынға құнығып, өз ауылының малын ұрлаған Фото: КТК

Жамбыл облысында ауылдастарының 19 бас жылқысын ұрлаған күдікті ұсталды. Қаракемер ауылының 36 жастағы тұрғыны бұл әрекетке құмар ойынға құныққаннан барған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Ол әуеліде жайылымда жүрген алты бас ірі қараны қолды қылған. Араға 10 күн салып тағы 13 жылқы ұрлаған. Арасында бәйге, көкпарға қосып жүрген құны 2,5 миллион теңгеге бағаланатын аттар да болған.

Ер адам түнделетіп Меркі ауданындағы базарға бара жатқан жерінен ұсталды. Ол кінәсін толық мойындап, ауылдастарының 10 миллион 400 мың теңгесін өндіріп берген.

Ол 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети