Жамбыл облысының үздік педагогтары марапатталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы - ұстаз. Ұстаздық - мазмұны бірыңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған өмір сүру салты, тіпті дүниенің асылын іздеп тауып, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Барша адамзат дамуының шамшырақ тұлғасы және ел мен елдіктің, білім мен біліктің ұйытқысы - ұстаз. Ұстаздық - мазмұны бірыңғай ізгіліктен ғана тұратын кәсіп, ол – ұрпақ пен ұлтқа, адамзат пен болашаққа арналған өмір сүру салты, тіпті дүниенің асылын іздеп тауып, соны өзгеге үйретпекке ұмтылған жан қалауы.

"Ұлылықтың басында ұстаз тұрар» демекші, білім саласындағы басым бағыттардың бірі – педагог мәртебесін арттыру. Мұғалімнің жоғары біліктілігі – адами капитал дамуының негізі.

Осындай бағытта ұйымдастырылатын ауқымды іс-шаралардың бірі - "Үздік педагог" атағын беру байқауы.

Аталған байқаудың облыстық кезеңі қазан айында аяқталып, бас жүлде, І және ІІ орын жеңімпазы атанған 4 педагог республикалық кезеңге жолдама алған болатын.

Республикалық кезеңде үкілеген Әулеата үмітін 3 педагогымыз ақтап, республика бойынша "Үздік педагог-2022" атағымен қатар, 1000 АЕК сыйақымен марапатталған.

Күні кеше ағымдағы жылды қорытындылай отырып, "Үздік педагог-2022" конкурсының облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен "Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін" құрметті атағы төсбелгісімен және "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісімен ұстаздарымызды марапаттау рәсімі өткізілді.

Салтанатты жиында облыс әкімінің орынбасары Үйсімбаев Еркін Құлымбайұлы ұрпақ болашағы үшін аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздардың жетістіктеріне жеке-жеке тоқталып, өз алғысын білдірді.

Ұстаздар ұлықталған салтанатты жиын әрмен қарай марапаттау рәсімімен жалғасын тапты. Ұлт пен ұрпақ үшін ұлы қызмет етіп жүрген ұстаздарды Еркін Құлымбайұлы мен білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айдын Орынбекқызы марапаттады.

Шәкірт жанының шамшырағы атанып жүрген Гүлсін Ешеева, Шолпан Сүгірбекова, Әсет Орманбекова, Эльзат Тілеубаева және Забира Серіковаға "Жамбыл облысының білім беру саласына сіңірген еңбегі үшін" деген құрметті атағы төсбелгісі және 300 АЕК мөлшеріндегі (918900 теңге) сыйақы табысталды.

"Үздік педагог-2022» атанған Айбек Мұратбаев, Нұрлан Давлетбаев және Жадыра Қарымсақова облыс әкімінің құрмет грамотасымен марапатталса, аталған байқаудың облыстық кезеңінің жеңімпаздары Рауан Ошақбаев, Раушан Әбуева, Дана Саметова, Дарья Чижевская, Дәурен Естаев, Бағлан Шыныбеков және Нұрбала Құрамаеваға облыс әкімінің құрмет грамотасымен қатар 300 АЕК мөлшеріндегі сыйақы табысталды.

Сонымен қатар, облыстың білім беру жүйесін жетілдіруге қосқан елеулі үлесі үшін Ханшайым Иманалиева мен Ізбасар Есболовқа "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" белгісі табысталды.

Білім саласында қызмет етіп жүрген 80 педагогтың басын қосқан салтанатты жиын соңында конкурс жеңімпаздары Нұрлан Жексенбекұлы мен Раушан Бәкірқызы жылы лебіздерін білдірді.

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев: "Терең білімін озық тәжірибемен ұштастыра білген азаматтар елімізді алға жетелейді" -деп, ұстаздарға үлкен сенім білдірген болатын. Біздің де ұстаздарға артар сеніміз де, айтар алғысымыз да шексіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Материал Жамбыл облысының әкімдігімен ұсынылған
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro