15 қараша 2024 | 15:31

Жамбыл өңірінде “Таза Қазақстан“ экологиялық акциясы жалғасып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

800 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан көктемде басталған экологиялық акция дәстүрлі түрде күзгі тазалық айлығымен жалғасын тауып жатыр.


Иконка комментария блок соц сети

800 мыңнан астам облыс тұрғындары қатысқан көктемде басталған экологиялық акция дәстүрлі түрде күзгі тазалық айлығымен жалғасын тауып жатыр.

Акцияға облыс тұрғындары мен жастар да белсене атсалысып жатыр. Облыс орталығы Тараз қаласында Самал мөлтекауданы №12 үйдің тұрғындары "Таза аула" ұранымен өз ауларында тазалық жұмыстарын жүргізді. Экологиялық акцияға қатысушылар шашылып жатқан қалдықтар мен қоқыстарды жинап, арнайы орынға апарып төкті.

"Мемлекет Басшысының батамасымен жүзеге асырылып жатқан акция облыста жүйелі түрде жалғасып келеді. Бүгінгі тазалық жұмыстарына қала тұрғындары да белсене араласып жүр. Осындай шаралар үздіксіз жүргізілетін болса, қала тұрғындары тазалық жұмыстарын әдетке айналдырады деп ойлаймын. Баршаны туған қаламыздың көркеюіне үлес қосуға шақырамын", - деді сенбілікке қатысушы эко-волонтер Айғаным Арқабек.

Бүгінгі күнге акция аясында 60 тарихи-мәдени ескерткіш, 143 саябақ пен сквер аумағы, 829 шақырым каналдар мен арық жүйесі, 133,2 мың аулалар мен 4,8 мың шақырым көше жолдары тазартылды. 30085 тонна қоқыс шығарылды. 60 мыңға жуық көшеттер отырғызылды.

Бұл жұмыстарға жалпы 1056 бірлік техника қатысты.

Жамбыл облысының әкімдігі ұсынған материал
Читайте также
Join Telegram
Мұнай бағасы төмендеді
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 496.01   523.53   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети