13 желтоқсан 2018 | 13:29

Жамбылда табиғатты қорғауда жаңашылдық бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өңірдегі аңшылық мәселелері бойынша брифинг болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы әкімі баспасөз қызметінің ұйымдастыруымен өңірдегі аңшылық мәселелері бойынша брифинг болып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Баспасөз мәслихатында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Айбар Әділбақов, "Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі" КММ-нің директоры Абай Кенжебек, Табиғатты қорғау кеңесінің төрағасы, "Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі" КММ-нің бөлім басшысы Ерназарбек Жантаев қатысып, БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді.

Айта кету керек, 13 маусымда өңір басшысы Асқар Мырзахметовтың бастамасымен жануарлар дүниесiн, табиғатын сақтау және көбейту туралы декларация қабылданған болатын. Аталған декларация қазіргі таңда облыстық жергілікті басқарушы органдар, облыстық сот, прокуратура, Ішкі істер департаменті және ұлттық қауіпсіздік органдары мен басқа да мемлекеттік мекемелер тараптарынан қолдау тауып, барлығы 1962  адам қол қойған.

Сондай-ақ облыс әкімінің қаулысымен "Ормандарды қорғау жедел қызметі" КММ-сі енді "Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі" КММ-сі деп өзгертіліп, "Табиғат қорғау кеңесі" ашылған болатын. Бүгінде бұл екі мекеме бірлесіп жұмыс атқарып жатыр.

Бірлескен жұмыс нәтижесінде биылғы 9 айда жүргізілген 479 рейдтік тексерулерінің қорытындысы бойынша 90 заңбұзушылық анықталған.

Спикерлердің айтуынша, бүгінде өңірде заңсыз сексеуіл  ағашын кесу фактісі бойынша 9 ай ішінде 14 оқиға тіркелген. Салдарынан, әкімшілік хаттамалар толтырылып, азаматтарға 2811,2 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, дәл осы ағаш кесу фактілері бойынша 14 азаматқа қылмыстық іс қозғауға ішкі істер бөліміне жолданды. Ол бойынша 8 азаматқа қылмыстық іс қозғалып, 4 азаматқа 1 жылдан 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Сондай-ақ, "Мамандандырылған жануарлар дүниесін қорғау жедел қызметі" КММ соңғы қазан, қараша айларында 11 рейдтік жұмыстар жүргізді, соның негізінде 22 заңбұзушылық фактісі анықталды. Аталмыш заңбұзушылықтың біреуі заңсыз сексеуіл отынын тасымалдағаны үшін тіркелді десек, нәтижесінде 12 025,0 теңге айыппұл салынды.

Аң-құстарды қорғау іс-шарасы бойынша 21 оқиға анықталып отыр. Құрықталған азаматтарға заң аясында әкімшілік хаттама толтырылып, 1 875 900  теңге айыппұл салынып, 1 010 100 теңгесі бүгінде өндірілген.

Спикерлер балық аулауға қарсы заңбұзушылықтың алдын алу да назарға алынғанын жеткізді. Бүгінде балық аулауға тыйым салынған өзендер, сонымен қатар бекітілмеген су айдындарында заңсыз балық аулағаны үшін  соңғы екі айда 1 азаматқа әкімшілік хаттама толтырылып, 12 025,0 теңге айыппұл салынып, өндіріліп алынды.

Еске сала кетейік, жауапты тұлғалар азаматтарды заңға бағынуды ескертіп отыр. Сондай-ақ осы рейдтік жұмыстардың тәртібі қатал екендігін тілге тиек етті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети