10 қараша 2022 | 17:04

Жаңа Әдеп кодексі: полицейлер қандай болуы керек?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін Әдеп кодексінің жобасы жария талқылауға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда құқық қорғау органдарының, азаматтық қорғау органдарының және мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлері үшін Әдеп кодексінің жобасы жария талқылауға шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құжатты "Ашық НҚА" сайтында Бас прокуратура жариялады. Ведомство мәліметінше, Әдеп кодексін құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметте және тұрмыста мінез-құлқының бірыңғай стандарттарын белгілеу үшін қабылдау жоспарланып отыр.

"Кодекс құқық қорғау қызметінің беделін, азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға жәрдемдесуге, қызметкерлердің мінез-құлқының бірыңғай адамгершілік-моральдық негізін қамтамасыз етуге, қызметкерлердің өз лауазымдық міндеттерін орындауының тиімділігін арттыруға, құқық қорғау қызметінде өзара қарым-қатынастардың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және парасаттылық атмосферасын құруға, сондай-ақ қызметкерлердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға арналған", - делінген Бас прокуратураның түсіндірмесінде.

Осы кодексте белгіленген қызметтік әдеп стандарттары құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлері үшін міндетті. Адам құқық қорғау органдарына қызметке тұрғаннан кейін үш күн мерзімде осы кодекстің мәтінімен жазбаша нысанда танысуға тиіс.

Кодексте офицерлік ар-намыс, жоғары адамгершілік, ізгі ниет, өзін-өзі тәрбиелеу және адамгершілік сияқты ұғымдар қарастырылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети