10 тамыз 2015 | 17:55

Жаңа әкім Алматыдағы селдің салдарын жою жұмыстарымен танысады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек селдің салдарын жою жұмыстарымен танысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдікте болған жиналыста Байбек селден зардап шеккен аудандардардың инфрақұрылымын қалпына келтіруге байланысты бірнеше тапсырма берді.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қаласының жаңа әкімі Бауыржан Байбек селдің салдарын жою жұмыстарымен танысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Әкімдікте болған жиналыста Байбек селден зардап шеккен аудандардардың инфрақұрылымын қалпына келтіруге байланысты бірнеше тапсырма берді.

Сонымен қатар, ол Жетісу ауданындағы өртенген үйлерді қалпына келтіруге жұмсалатын ақшаны есептеуді тапсырды. "Жақын күндері әкім селден зардап шеккен аудандармен танысып қайтады", - деп жазылған баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, Бауыржан Байбек 2015 жылдың 9 тамызында әкім болып тағайындалды. Қаланың бұрынғы басшысы Ахметжан Есімов "АСТАНА ЭКСПО-2017"ҰК"АҚ басшысы болды.

Жақын арада әкімдіктің баспасөз қызметі селдің салдарын жою жұмыстары кесте бойынша жүріп жатқанын хабарлады. "Қалпына келтіру жұмыстары кестеге сәйкес жүргізіліп жатыр. Қарғалы өзені арнасындағы суға кеткен көшелердің бәрі тазаланды. Үйлердің барлығы электр энергиясы, табиғи газ және байланыспен жабдықталды. Тоған жақын арада қайта қалпына келтіріледі", - деді Есімов 5 тамызда. 

Еске сала кетейік, Алматыдағы сел 23 шілде күні түнгі сағат 03.00 шамасында жүрді. Қарғалы өзенінің су деңгейі көтерілгендіктен Қарғайлы және Таусамалы ықшамдаудандарын ішінара су басты. Селдің салдарынан Әуезов, Наурызбай және Алатау аудандары зардап шекті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети