Жаңа ережелерге қатысты дау: ДСМ басшысы пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа ережелерге қатысты дау: ДСМ басшысы пікір білдірді Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем жұмысы қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова жедел жәрдем жұмысы қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін бұйрық жобасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлназарова Facebook-парақшасында, "жедел жәрдем қызметінің қағидаларына өзгерістер енгізуді көздейтін жобада халыққа тәулік бойы көрсетілетін жедел жәрдем қызметтерін шектеу туралы норма жоқ" екенін түсіндірді.

"Халық үшін жедел жәрдем 24/7 режимінде 103 нөмірі бойынша қолжетімді болып қала беретінін айта кеткен жөн. Өзгерістер шақыртуларға қызмет көрсетудің жеделдігі мен сапасын арттыру мақсатында емханалардың жанынан құрылатын бригадаларға қатысты. Мобилдік бригадалардың санын көбейту туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, балаларға медициналық көмек қажет болған жағдайда, шығу педиатрдың, ал ересек тұрғындарға - бейінді мамандардың (кардиолог, невропатолог және т.б.) қатысуымен жүзеге асырылады", - деп жазды министр.

Бұған дейін бір бригада 35 мың адамға қызмет көрсетсе, жаңа қағида бойынша - 25 мың адамды қамтиды.

"Мобилдік бригаданың жұмысы емхана ұйымдарының жұмыс уақытымен үйлестіріледі. Сағат 20.00-ден кейін және демалыс күндері - шақыртуларға қызмет көрсетуді жедел жәрдем бригадалары жүргізеді. Бұл норма жедел жәрдем қызметін ұзақ күтудің төмендеуіне ықпал етеді және тұрғындарға 103 нөмірі бойынша жедел жәрдемді шақырту үшін ешқандай кедергі жоқ".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети