01 сәуір 2015 11:31

Жаңа жол қозғалысы ережесінің арқасында елде жол апаты азайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©autonews.autoua.net ©autonews.autoua.net

Жаңа жол қозғалысы ережесінің арқасында Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны азайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтып отыр. Жекелей алғанда, әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, күндізгі уақытта қосылған шырақ елдегі апат жағдайына оң әсер беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жаңа жол қозғалысы ережесінің арқасында Қазақстанда жол-көлік оқиғаларының саны азайды. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің өкілдері айтып отыр. Жекелей алғанда, әкімшілік полиция комитетінің мәліметінше, күндізгі уақытта қосылған шырақ елдегі апат жағдайына оң әсер беріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Халықаралық көптеген зерттеулер күндізгі уақытта шырақ қосып жүрудің адамның қабылдау қабілетін жақсартатынын, әсіресе перифериялық көру қабілеті жақсаратынын (себебі перифериялық көру алаңында жол қозғалысының өзге қатысушыларының әрекеті жүргізушіге нақтырақ көрінеді, қабылданады) және апат деңгейін 10 пайыздан 15 пайызға азайтатынын көрсетіп отыр", - делінген баспасөз хабарламасында.

Осыған байланысты, тәртіп сақшыларының пікірінше, осы аталған талапты орындау, бірінші кезекте, жаяу жүргіншілерді қағып кетуге, нақтырақ айтқанда балаларды қағуға және көшелердің қиылысында автомобильдердің соғысуына әсер етеді. "2 ай және 18 күннің апат жайындағы статистикасы елде 3034 жол-көлік қозғалысының болғанын көрсетті (2014 жылы - 3138), бұл апаттарда 374 адам қаза тапты (2014 жылы - 318) және 3906 адам жарақат алды (2014 жылы - 3906). Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстыруда жол-көлік оқиғаларының саны 4,2 пайызға қысқарғаны, зардап шеккендердің саны 4,1 пайызға азайғаны, бірақ қаза тапқандардың 17,2 пайызға көбейгені айтылады. Жағымды тенденция жаяу жүргіншілерді қағу және жол қиылыстарында автомобильдердің соғысуы жағдайларының азайғанына қатысты болып отыр", - делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, жол-көлік оқиғаларының саны жаяу жүргіншілердің реттелмеген жолында жаяу адамдарды қағу мөлшері 21,5 пайызға, оларда қаза тапқандардың саны 11 пайызға және жарақат алғандардың саны 22 пайызға дейін қысқарды. "2015 жылы 230 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 8 адам қаза тапты, 234 адам жарақат алды; 2014 жыл - 293 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 9 адам қаза тапты, 301 адам жарақат алды; Динамика: - 21,5 пайыз (- 63), -11 пайыз (-1), -22 пайыз (-67)", - делінген баспасөз хабарламасында.  

Сонымен қатар, жолдың реттелмеген қиылысындағы жол-көлік оқиғаларының 23,5 пайызға, оларда қайтыс болғандардың 67 пайызға, жарақат алғандардың 22 пайызға азайғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети