Жаңа жыл: Алматыда отшашу бола ма?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жыл: Алматыда отшашу бола ма? Midjourney

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу жоспарланып жатыр ма? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Жаңа жыл мерекесіне орай отшашу жоспарланып жатыр ма? Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

Бұл сұраққа қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі жауап берді.

"31 желтоқсанда Алматыда демеушілердің есебінен отшашу болады", – деп хабарлады мәдениет басқармасы.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі отшашудың басталу уақыты сияқты қосымша мәліметтерді кейінірек беруге уәде етті.

Айта кетейік, бұған дейін мегаполисте шамамен 300 ертегі кейіпкерлері бейнеленген жарқын конструкциялар мен былтыр пайдаланылған 120 жаңартылған шағын архитектуралық пішіндерді қамтитын мерекелік элементтер орнатылатыны белгілі болған. Сонымен қатар, 12 көше мен даңғылдарға 1500 жарық элементі қойылады, оның 350-і 2023 жылы қолданылған. Сондай-ақ 21 маңызды ғимараттың қасбеттері сәулеттік жарықпен безендіріледі. "Көктөбе" телемұнарасы тұрғындар мен қонақтарды мерекелік мультимедиялық бейнежазбамен қуантады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети