Алматыда 15-тен аса жаңажылдық шырша орнатылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала әкімдігінің мәдениет және мұрағат бөлімінің өкілдері мәлімдеді.
Алматыда 15-тен аса жаңажылдық шырша орнатылады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қала әкімдігінің мәдениет және мұрағат бөлімінің өкілдері мәлімдеді.
Шыршалармен қатар, қаланың сегіз ауданындағы көшелер, көпірлер мен айналма жолдар (жалпы 260 шақырым ұзақтықта) шам тізбектерімен (гирлянда), иллюминация және түрлі сәулет пішіндерімен безендіріледі.
"Барлық сатып алынған әшекей келесі жалдары да қолданылады. Сонымен бірге, Жаңа жыл мерекесі қарсаңында әрбір аудан әкімдігі шырша орнатып, балаларға арналған мерекелік шаралар ұйымдастырады. Жалпы қалада 15-тен аса шырша орнатылады: Республика сарайы, Абай атындағы опера және балет театры, Тұңғыш Президент саябағы, "Алматы Арена" алдында және басқа да көпшілік жиналатын орындарда", - деп түсіндірді басқарма өкілдері.
Қала көшелерін Жаңа жыл қарсы әшекейлеу жұмыстары Тәуелсіздік Күнін атап өткеннен кейін басталады. Ал Алматының басты шыршасы 18 желтоқсанда орнатылып, жағылады.
Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, 2017 жылы қаланы желтоқсандағы барлық мерекелерге қарсы безендіруге жергілікті бюджеттен 175 миллион теңге бөлінді.