Алматы Жолаушылар көлігі басқармасы қоғамдық көліктердің 31 желтоқсандағы жұмыс кестесімен таныстырды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Алматы Жолаушылар көлігі басқармасы қоғамдық көліктердің 31 желтоқсандағы жұмыс кестесімен таныстырды, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, 31 желтоқсанда халыққа бір жарым мың автобус пен троллейбус қызмет көрсетеді. Олар түнге дейін жұмыс істейді. Төлемақы бұрынғы күйінде қалдырылды. Сонымен қатар, мереке күні Орталық стадионнан "Медеуге" дейін қосымша көліктер қатынайды.
"Жаңа жыл түні өзгеріс болмайды, тек қоғамдық көліктер түнгі сағат 1.00-ге дейін жұмыс істейді. Халық шағымдарын тәулік бойы 397 01 91 номеріне хабарласу арқылы қалдыра алады", - деді Көлік инфрақұрылымын перспективті дамыту бөлімінің басшысы Әсет Төлеуішов.