Қазгидромет синоптиктері 30, 31 желтоқсан және 1 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Суық антициклон Қазақстан аумағынан ығысып, оның орнына оңтүстіктен жылы циклон келеді. Осыған байланысты бірқатар өңірде жауын-шашын болып, ауа температурасы жоғарылайды.
Синоптиктер мәліметінше, 30–31 желтоқсанда Ақмола, Павлодар және Қарағанды облыстарында қар жауып, боран соғады. Ұлытау облысында жаңбыр жауып, кейін қарға ұласуы мүмкін.
Қазақстанның оңтүстігінде жауын-шашын негізінен жаңбыр түрінде күтіледі. Жалпы республика бойынша көктайғақ, тұман және желдің күшеюі болжанады.
Ауа температурасы да өзгереді. 30 желтоқсанда елдің солтүстігі мен орталығында, ал 30–31 желтоқсанда шығысында күндізгі температура минус 2-ден плюс 3 градусқа дейін көтеріледі. Елдің оңтүстігінде осы күндері ауа температурасы 5–15 градусқа дейін жылынады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!