© unsplash.com
1 қаңтарда Астананың үш перинаталдық орталығында 57 сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің медиаорталығына сілтеме жасап.
1 қаңтарда Астананың үш перинаталдық орталығында 57 сәби дүниеге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдіктің медиаорталығына сілтеме жасап.
Орталықтың мәліметінше, қаңтардың 1 мен 3 аралығында қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы 1561 шақыртуға қызмет көрсетті.
Сондай-ақ, қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жаңа жыл түні елордада 9 адам пиротехникадан зардап шекті.
Әкімдіктегілердің мәліметінше, жаңа жыл түні Астанадағы қауіпсіздік пен тазалық жұмысын қамтамасыз етуге 32 мыңнан астам жұмылдырылды.