Жаңа жылда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жылда ауа райы қандай болады? Синоптиктер болжамы Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың 31 желтоқсаны мен 2025 жылдың 2 қаңтары аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың 31 желтоқсаны мен 2025 жылдың 2 қаңтары аралығында ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, Қазақстанның көп бөлігінде ауа райына Скандинавия түбегі аймақтарынан келген циклон ықпал етеді, соған байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі: елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, орталығында және шығысында қар, боран, 1-2 қаңтарда күшті жел болжанады, ал батыс, оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі.

31 желтоқсанда елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. Қазақстан бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.

"Елдің көп бөлігінде ауа температурасының жоғарылауы күтіледі: батыста түнде -5°C-тан +5°C-қа дейін, күндіз -3°C-тан +10°C-қа дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте, орталықта, шығыста түнде -2°C-тан -13°C-қа дейін, күндіз -7°C-тан -2°C-қа дейін, шығыста түнде және күндіз -0°C-тан -8°C-қа дейін, ал оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температурада күрт өзгерістер күтілмейді", – делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети