Жаңа жылда аяз ата шақыруға тыйым салынды. Бекшин жаңа қаулы шығарды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жылда аяз ата шақыруға тыйым салынды. Бекшин жаңа қаулы шығарды © Тұрар Қазанғапов

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 26 желтоқсанда күшіне енетін жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин 26 желтоқсанда күшіне енетін жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бекшиннің қаулысында адам көп жиналатын жерлерде ойын-сауық, спорттық іс-шаралар, көрмелер, форумдар және отбасылық мерекелер өткізуге тыйым салу туралы айтылады.

Алматының бас санитар дәрігері кейбір жаңажылдық іс-шараларды өткізуге де тыйым салу туралы шешім қабылдады.

"25 желтоқсаннан 5 қаңтарға дейін барлық ұйым мен мекемеде жаңажылдық іс-шараларды өткізуге, сондай-ақ аниматорларды, яғни аяз Ата, ақшақар және басқа жаңажылдық кейіпкерлерді үйге шақыру бойынша агенттіктердің жұмысына тыйым салу", - делінген қаулыда.

Құжатта мектепке дейінгі мекемелерде қосымша кезекші топтар мен қала мектептерінде 1-5-сынып аралығында қосымша кезекші сыныптар ашуды тоқтату туралы айтылған.

"Сауда нысандары, оның ішінде ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінің жұмысы жұмыс, демалыс және мереке күндері 23.00-ге дейін ұзартылады. Сондай-ақ, сағат 23.00-ге дейін қоғамдық тамақтану нысандары жұмыс істейді. Азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмыс уақыты жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері сағат 17.00-ге дейін шектеледі", - делінген құжатта.

Қаулыныңы толық нұсқасын мына жерден көре аласыздар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети