Жаңа жылдық дастарханның құны есептелді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа жылдық дастарханның құны есептелді Фото:depositphotos.com

Үкіметте Жаңа жыл дастарханына алынатын негізгі өнімдердің бағасына талдау жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметте Жаңа жыл дастарханына алынатын негізгі өнімдердің бағасына талдау жүргізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Азық-түлік бағасы айтарлықтай өскен. Бұл туралы Үкіметтегі брифингте Сауда және интеграция министрлігінің сауда комитетінің төрағасы Ернұр Жәутікбаев мәлімдеді.

Төрағаға жаңа жылдық дастарханға қойылатын тағамдары қымбаттауы мүмкін бе деген сұрақ қойылды. Ол талдау сұранысқа ие өнімдер бойынша жүргізілгенін айтты.

"Азық-түлік себетіне қатысты - мұндай талдау жүргіздік. Егер жаңа жылдық себетке алынатын 37 атаулы өнімді алсақ, оның ішінде екі ыстық тағам - тауық еті мен ет бар. Былтыр бұл шамамен 68 мың теңге болды. Қазір - 70 мың теңге шамасында", - деді Жәутікбаев.

Оның айтуынша, баға өсімі қалыпты сипатта және жаппай баға өсіп жатқан жоқ.

"Кейбір тауарлар арзандады, кейбірі керісінше сәл қымбаттады, динамика осындай", - деді Сауда комитетінің басшысы.

Ведомство жалпы алғанда азық-түлік нарығындағы жағдай "тұрақты екенін", ал Жаңа жыл дастарханына арналған тауарлар бойынша бағаның күрт өспегенін атап өтті.

Контекст

Қазақстандықтарға Жаңа жыл дастарханына жалақысының жартысын жұмсауға тура келе ме? Бұған дейін Үкіметте журналистер бұл сұрақты сауда және интеграция вице-министрі Айдар Әбілдабековке қойған. Ол кезде ол бәрі "ниетке және қалтаға" байланысты екенін айтқан.

Сондай-ақ, журналистер желтоқсанда бағаның өсуі туралы премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннен сұраған. Ол Жаңа жыл қарсаңында азық-түлік күрт қымбаттамайтынын мәлімдеді. Оның айтуынша, тек "әдеттегі қалыпты өсім" болуы мүмкін, бірақ күрт өспейді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.31  course down  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети