Жаңа қаулы: Қазақстан тағы үш елдің вакциналау паспортын мойындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа қаулы: Қазақстан тағы үш елдің вакциналау паспортын мойындады Фото: Тұрар Қазанғапов ©Tengrinews

Қазақстанда тағы үш елдің вакциналау паспорты мойындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы елдің бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысында айтылады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда тағы үш елдің вакциналау паспорты мойындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы елдің бас санитария дәрігерінің жаңа қаулысында айтылады.

Тізімді Перу, Сербия және Тунис толықтырды. Қазір тізімде 20 ел бар.

"ҚР аумағында Аргентина, Венгрия, Грузия, Иран, Иордания, Қырғызстан, Мальдив Республикасы, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия және Эстонияда берілген азаматтардың КВИ-ға қарсы вакцинациясының паспорттары/сертификаттары/анықтамалары жарамды деп танылсын", - делінген құжатта.

Құжаттардың үлгілері қаулыға қосымшада келтірілген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети