Жаңа қаулы: Шымкентте 2 тамыздан бастап қандай шектеулер болады?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа қаулы: Шымкентте 2 тамыздан бастап қандай шектеулер болады? Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Шымкенттің бас санитария дәрігері қаладағы карантин шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкенттің бас санитария дәрігері қаладағы карантин шектеулер туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулыда нысан жұмысына жаңа шектеулер мен тыйым салынатыны көрсетілген. Құжатқа сәйкес, 2 тамыздан бастап қалада жұмыс істеуіне тыйым салынған нысандар:

  • мұражайлар мен кітапханалар;
  • косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін сұлулық орталықтары мен салондары, шаштараздар, маникюр және педикюр қызметтері. Ashyq-қа қатысатын осы нысандар сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9-дан 20-ға дейін жұмыс істей алады;
  • азық-түлік емес дүкен;
  • ашық базарлар мен жәрмеңкелер;
  • Халықтың тұруы бойынша қызметтер көрсету саласындағы ұйымдар (қонақүйлер, санаторий-курорттық ұйымдар, демалыс үйлері/базалары, туристік базалар және басқалар) Ashyq бойынша әдеттегі режимде;
  • банктер, ХҚКО, "Қазпошта" бөлімшелері Ashyq бойынша сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 9-дан 18-ге дейін жұмыс істей алады;
  • мектепке дейінгі мекемелер;
  • діни нысандар;
  • қоғамдық тамақтану нысандары (үй-жайда) мейрамхана, кафе және кофеханалар типі бойынша, жазғы алаңдар Ashyq бойынша сағат 7-ден 20 сағатқа дейін жұмыс істей алады, ал сенбі мен жексенбіде келушілері 50 пайыздан аспайды;
  • монша;
  • сауна, СПА, бассейн Ashyq бойынша сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 6-дан 20-ға дейін;
  • СОО, сауда үйлері, сауда желілері Ashyq бойынша сенбі мен жексенбіден басқа күндері сағат 8-ден 20-ға дейін;
  • театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары Ashyq бойынша сенбі және жексенбіден басқа күндері сағат 8-ден 20-ға дейін 30 пайыздан аспайтын келушімен.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети