11 қыркүйек 2017 | 12:01

Жаңа қазақ әліпбиінде 25 әріп болады - Құрастырушылар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© stradivarius.com © stradivarius.com

Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов парламенттік тыңдау барысында латын әліпбиіне көшу мәселесі жайында және жаңа әліпбиде қанша әріп болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов парламенттік тыңдау барысында латын әліпбиіне көшу мәселесі жайында және жаңа әліпбиде қанша әріп болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жаңа әліпбидің жобасын ойластыру кезінде бірінші кезекте қазақ тілінің дыбыстық жүйесі ескерілді. Осылайша, 25 әріптен тұратын әліпбиді ұсынып отырмыз. Әліпби мынандай принципке негізделді: бір әріп - бір дыбыс, бір әріп - екі дыбыс және бір дыбыс (диграф жүйесі). Әліпбиде қазақ тілінің дыбыстық жүйесін толықтай сақтап қалу мақсатында сегіз диграф қосылды. Яғни, ерекше 8 дыбыс қосылды", - деді Ербол Тілешов.

Айта кетейік, Тілешов филология ғылымдарының докторы және ол латын әліпбиіне көшу мәселесін зерттеумен айналысқан жұмыс тобында қызмет етті.

Сондай-ақ, философия ғылымдарының докторы жаңа әліпбиде тек латын әліпбиінің байырғы әріптері болатынын айтып өтті.

"Латын әріптері түрлі диакритикалық таңбалармен ерекшеленеді. Яғни, онда нүкте мен  үтір деген жоқ. (…) Мысалы, бізге басқа елдерден әкелініп жатқан ұялы телефондарда, смартфондарда және хат алмасатын басқа да құралдарда тек 26 латын әрпі бар. Біз жаңа латын әліпбиіне диакритикалық таңбаларды қосатын болсақ, қазақ тілінің өзінің кейбір дыбыстарын жоғалтып алуымыз мүмкін. Қазірдің өзінде жастар  ә әрпін а әрпіне, қ әріпін к әрпіне ауыстырып жаза береді, кейбіреулері тіпті ғ, ң, ү, ұ дыбыстарын мүлде елемейді", - деді Ербол Тілешов.

Еске сала кетейік, бүгін  ҚР Парламент Мәжілісінде "Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандартын енгізу мәселелері туралы" тыңдау өтіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети