Жаңа Қазақстан - болашақтың айқын бейнесі - Тоқаев

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Қазақстан - болашақтың айқын бейнесі - Тоқаев Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Ақорда резиденциясында бірқатар қазақстандықты марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Наурыз мейрамын тойлау қарсаңында Ақорда резиденциясында бірқатар қазақстандықты марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қажырлы еңбек, көмектесуге деген адал ниетіңізбен барлық отандасқа үлгі болдыңыз. Бірге Қазақстанның қайта құру процесін сәтті бастайтынымызға, Жаңа Қазақстанды - жаңа мүмкіндіктер елін құратынымызға сенемін", - деді Тоқаев марапаттау рәсімі кезінде.

Тоқаев 16 наурызда Қазақстан халқына Жолдауын жариялағанын, оның басты мақсаты - тәуелсіздікті сақтау және Қазақстанды дамыған мемлекетке айналдыру екенін еске салды.

"Жаңа Қазақстан - бұл абстракция идея емес, болашақтың айқын бейнесі. Әрқайсыңыз ынтымақ пен бірлік құндылықтарына адал екеніңізді іс жүзінде көрсетіп отырған нағыз патриотсыздар", - деді Мемлекет басшысы қатысушыларға сөйлеген сөзінде.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан зор үлесі, белсенді қоғамдық қызметі, азаматтарды құтқару мен қорғауда көрсеткен жеке жанкештілігі, қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың қатарында өндіріс саласының өкілдері, денсаулық сақтау, бизнес, мәдениет және ғылым қайраткерлері, спортшылар, еріктілер бар.

Тоқаев бірқатар азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.74  course up  592.35  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети