Жаңа Конституция бойынша референдум: дауыс беру нәтижелері жарияланды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Конституция бойынша референдум: дауыс беру нәтижелері жарияланды Фото © Tengrinews.kz / Болат Айтмолда

Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің ресми қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Орталық референдум комиссиясы республикалық референдумда дауыс берудің ресми қорытындысын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОРК мәліметтері бойынша, жаңа Конституцияны қабылдауды 7 954 667 азамат қолдап дауыс берген. Бұл сайлаушылардың жалпы санының 87,15 пайызы болады.

898 099 адам қарсы дауыс берген.

Орталық референдум комиссиясы

Еске салайық, 2026 жылы 12 ақпанда жаңа Конституция жобасы жарияланды. Жаңа Конституция референдумда қабылданған жағдайда 2026 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді. Бұл туралы жаңа Конституция жобасында айтылған.

Дауыс беру 15 наурызда сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтті.

Референдум - азаматтардың ең маңызды мемлекеттік, өңірлік немесе жергілікті мәселелер бойынша тікелей ерік білдіру нысаны (жалпыхалықтық дауыс беру). Референдум арқылы заңдар қабылданады, Конституцияға өзгерістер енгізіледі немесе шешуші саяси мәселелер қаралады. Әдетте референдумда қабылданған шешімдердің күші міндетті болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 479.29   550.69   5.85 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети