03 қыркүйек 2022 | 11:05

Жаңа министр Дархан Қыдырәлі ант қабылдады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі үкімет отырысында ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Жаңа Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәлі үкімет отырысында ант қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өздеріңіз білесіздер, Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Омаров Ақпарат және әлеуметтік даму министрі қызметінен босатылды. Мемлекет басшысының Жарлығымен Қыдырәлі Дархан Қуандықұлы министр болып тағайындалды. Асқар Қуанышұлына атқарған қызметі үшін алғыс айтамыз. Дархан Қуанышұлы, сізді құттықтаймыз", - деді премьер-министр Әлихан Смайылов.

Заң бойынша үкіметтің жаңа мүшелері ант беруге міндетті.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президентінің алдында бар күш-жігерім мен білімімді Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуы жолына жұмсауға, Конституция мен заңдарды бұлжытпай сақтауға, өзімнің барлық іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық этносаралық және конфессияаралық келісім принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен әлемдік қауымдастықта беделін нығайтуға ант етемінй, - деп ант мәтінін оқыды Дархан Қыдырәлі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети