Жаңа министр көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтер қашан берілетінін айтты

28 Ақпан, 17:01
5
Жаңа министр көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтер қашан берілетінін айтты - © t-l.ru
© t-l.ru

Мамырда кезекте тұрған көпбалалы отбасыларға жалдамалы пәтерлерді бере бастайды. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жалпы елімізде 340 мың көпбалалы отбасы бар. Оның ішінде қазіргі уақытта тұрғын үй кезегінде 28 мың отбасы тұр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес біз жыл сайын 7 жыл бойы 6 мың жалға берілетін пәтердің құрылысын қамтамасыз етеміз. 2025 жылға дейін 40 мыңнан аса жалға берілетін пәтер салынады. Бүгінде баспана кезегінде тұрған қамтылған көпбалалы отбасылар мәселесін толығымен шешіледі. Мамыр айында көп балалы отбасылар үшін жалға берілетін тұрғын үй беруді бастаймыз", - деді Скляр үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Сонымен қатар, министрдің айтуынша, табысы 42,5 мың теңгеден төмен, яғни ең төменгі жалақыдан төмен көпбалалы отбасылар үшін "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" жылдық 2 пайызымен 20 жылға жеңілдікпен несиелеуді қамтамасыз етеді.

"Несиенің бұл түрі санаттарға байланысты берілетін болады - төрт және одан да көп балалары бар көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе соларды тәрбиелеп отырған отбасылар, толық емес кәмелетке толмаған балалары бар отбасылар. 2 жыл ішінде біз осы санаттарға 22,5 мың жеңілдікті қарыз беруді жоспарлап отырмыз", - деді Скляр.

Ол үшін, оның айтуынша, үш жыл ішінде республикалық бюджеттен жыл сайын 50 миллиард теңгеден бөлінетін болады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай