Жаңа министрлер ант берді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа министрлер ант берді Фото:primeminister.kz

Үкімет отырысында Министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған министрлер ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет отырысында Министрлер кабинеті құрамына жаңадан қосылған министрлер ант берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Асқар Омаров, Әділет министрі Қанат Мусин, Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев, Энергетика министрі Болат Ақшолақов, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров ант берді.

"Қазақстан Республикасының халқы мен Президенті алдында өз Отаны - Қазақстан Республикасының экономикалық және рухани дамуы ісіне барлық күш-жігерім мен білімімді жұмсауға, мемлекеттің Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің іс-әрекетімде заңдылық пен әділеттілік, азаматтық, ұлтаралық және конфессияаралық татулық принциптерін ұстануға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, өз елімнің мемлекеттілігі мен дүниежүзілік қоғамдастықтағы беделін нығайта беруге ант етемін", - деп салтанатты түрде ант берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 509.21  course up  592.35  course up  6.64  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети