12 шілде 2022 | 15:54

Жаңа облыстардағы Сенат депутатын сайлау: үміткерлерге қанша қаржы бөлінеді?

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

ОСК Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

ОСК Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарындағы Парламент Сенаты депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу мәселелерін талқылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 11 шілдедегі Жарлығымен Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау 2022 жылғы 24 тамызға тағайындалғанын атап өтті.

"Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Сенатты Конституциялық заңда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әр облысынан, республикалық маңызы бар қаласынан және астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттар құрайды. Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы таңдаушылар – мәслихаттар депутаттары сайлайды, оларды өз кезегінде жалпы сайлауда Қазақстан Республикасының азаматтары сайлайды", - делінген хабарламада.

Үш облыстың әрқайсысынан 2 депутат сайланады: олардың біреуі – 2017 жылғы 28 маусымда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне; екіншісі – 2020 жылғы 12 тамызда сайланған депутаттардың өкілеттік мерзіміне сайланады.

Конституцияға сәйкес, отыз жасқа толған және ел аумағында соңғы он жылда және тиісті облыс аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан Қазақстан Республикасының азаматы Парламент Сенатының депутаты бола алады. Сонымен қатар, үміткердің жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс өтілі болуы керек.

"Сот әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтардың сайлауға және сайлануға құқығы жоқ. Соттылығы заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған адам, сондай-ақ заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәсін сот таныған адам Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат бола алмайды", - деді ОСК өкілдері.

 Кандидаттарды ұсыну 2022 жылғы 13 шілдеден бастап 30 шілде сағат 18-ге дейін жүргізіледі. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидатты ұсынуды мәслихаттар, сондай-ақ өзін-өзі ұсыну тәртібімен жүзеге асырады. Тіркеу – 2022 жылғы 3 тамыз сағат 18.00-ге дейін.

"Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттарды тіркеуді облыстық, қалалық немесе аудандық мәслихаттың депутаттыққа кандидат етіп ұсыну туралы шешімі (мәслихат ұсынған жағдайда); депутаттыққа кандидат болып дауысқа түсуге келісімі (ниеті) туралы өтініші; тиісті сайлау комиссиясының кандидатты қолдап қойған таңдаушылардың қолдарын тексеру нәтижелері туралы хаттамасы; кандидаттың өмірбаяндық деректері; кандидаттың және оның жұбайының (зайыбының) активтері мен міндеттемелері туралы декларациялар тапсырғаны туралы мемлекеттік кіріс органының анықтамасы; кандидаттың 900 000 теңге көлеміндегі сайлау жарнасын енгізгенін куәландыратын құжат болған кезде облыстық сайлау комиссиялары жүзеге асырады", - делінген хабарламада.

Егер сайлау қорытындылары бойынша кандидат Парламент Сенатының депутаты болып сайланған немесе дауыс беру қорытындылары бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан таңдаушылар дауысының кемінде бес пайызын алған жағдайларда, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған барлық жағдайларда енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады.

Сайлау алдындағы үгіт 2022 жылғы 3 тамыз сағат 18.00-ден бастап 23 тамыз сағат 00.00-ге дейін жалғасады. Тыныштық күні – 2022 жылғы 23 тамыз. Дауыс беру күні – 2022 жылғы 24 тамыз.

Сенат депутаты сайлауындағы дауыстарды санау нәтижелері дауыс беруге арналған пунктте өткізілетін тиісті сайлау комиссиясының отырысында белгіленеді.

"Қаулыда кандидаттың: теледидар мен радио бойынша бағдарламаларымен сөз сөйлеуіне, сондай-ақ мерзімді баспа басылымдарында 2 мақала жариялауға - 350 000 теңге сомасында; сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізуге және үгіт материалдарын шығаруға - 70 000 теңге сомасында; көлік шығыстарына - 80 000 теңге сомасында шығыстар мөлшері белгіленген", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети