11 тамыз 2021 | 15:26

Жаңа оқу жылында кімдер қашықтан оқиды? Министр жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент
Фото: elements.envato.com

Ата-анасы коронавирус жұқтырған немесе науқастармен байланыста болған балалар оқу орнына бара алмайды. Олар үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram-дағы тікелей эфирде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ата-анасы коронавирус жұқтырған немесе науқастармен байланыста болған балалар оқу орнына бара алмайды. Олар үшін қашықтан оқыту ұйымдастырылады. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram-дағы тікелей эфирде мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Егер бала өзі немесе ата-анасы вирус жұқтырғаны анықталса, ол ғимаратқа кіргізілмейді. Әрине, оның оқуын жалғастыруды ұйымдастыру керек.

Біз үшін басқа балаларды қауіптен қорғау маңызды. Егер студент немесе оның ата-анасы ауырып қалса немесе вирус жұқтырған адаммен байланыста болса, біз студент немесе оқушы вирус жұқтырмағанына кепілдік бере алмаймыз. Клиникалық көріністер болмаса да. Бұл жағдайда шешім өте дұрыс деп ойлаймын", - деді министр журналистің сұрақтарына жауап бере отырып.

Бұл ретте ол шектеу уақытша болатынын түсіндірді. Ashyq қосымшасындағы мәртебе өзгергеннен кейін мұндай студенттер мектепке немесе университетке оралады.

Реклама
Реклама

"Біздің мектептер де қазір дайындалып жатыр, олар үшін мерзімді түрде онлайн-оқытуды ұйымдастыру қажет", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Бұған дейін Қазақстанның мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі оқыту форматына оралатыны белгілі болған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная