11 тамыз 2021 10:50

Биыл оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі - Мамин

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі білім беру форматына оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның мектептері, колледждері мен жоғары оқу орындары 1 қыркүйектен бастап дәстүрлі білім беру форматына оралады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов және Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев баяндама жасады.

2021-2022 оқу жылында Қазақстанның 7475 мектебінде 3,4 миллионнан аса адам, оның ішінде 1 сыныпта 380 мыңнан аса бала оқиды. Оқу дәстүрлі форматта жүргізіледі. Вакцина алған педагогтер жұмысқа жіберіледі. Қазіргі уақытта вакциналауға жататын педагогтердің 93,1 пайызы және білім беру мекемелерінің басқа қызметкерлерінің 88,4 пайызы вакцина алған.

Үкімет басшысы оқушылар мен педагогтердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру мәселелерін барынша тездетіп шешу қажетін айтты.

"Білім және ғылым, денсаулық сақтау министрліктеріне, өңірлердің әкімдіктеріне жаңа оқу жылында мектепке дейінгі және орта білім беру ұйымдарында, сонымен қатар колледждер мен жоғары оқу орындарында оқуды штаттық режимде қамтамасыз ету тапсырылды. Бұл ретте әрбір мектепке дәстүрлі форматта оқу бойынша нақты ұсынымдар жеткізілуі тиіс", - делінген хабарламада.

Премьер-министр 25 тамызға дейін медициналық қарсы көрсетілімі бар адамдардан басқа, педагогтар мен техперсоналды вакциналаумен 100 пайыз қамтамасыз етуді, 20 тамызға дейін мектептерді санитариялық талаптарға сәйкес (кварцтеу, дезинфекция, маска режимі, күнделікті термометрия және т.б.) қабылдауды аяқтауды тапсырды. 

Барлық білім беру ұйымдарында педагогтер, қызметкерлер мен ата-аналар үшін Ashyq жүйесі енгізіледі. Үкімет басшысы 25 тамызға дейін ең алдымен, кестеден кешігіп отырған Павлодар және Түркістан облыстарында оқулықтарды мектептерге кестеге сәйкес толығымен жеткізуді тапсырды. 

Мамин кестеден артта қалған мектептерде жөндеу жұмыстарын аяқтау қажетін айтты. Жөндеу жұмыстары аяқталмаған мектептердің ең көп саны Алматы (9), Қостанай (6) және Батыс Қазақстан (5) облыстарында екені атап өтілді. Премьер-министр 25 тамызға қарай барлық білім беру ұйымдарының оқу жылын бастауға 100 пайыз дайын болуын қамтамасыз етуді, балалардың қауіпсіздігі, тамақтандыру және мектепке жеткізу бойынша барлық мәселелердің шешімін табуды тапсырды.

Қашықтан оқу, әлде дәстүрлі формат. Жаңа оқу жылы туралы не білу керек?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети