21 қазан 2018 | 17:47

Жаңа өзеннің жаңа келбеті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов іс-сапармен Жаңаөзенде болып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов іс-сапармен Жаңаөзенде болып, әлеуметтік маңызы бар нысандардың жұмысымен танысты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Солардың қатарында су тазарту қондырғысы да бар. Еділдің суын өңдеп беретін станцияның құрылысы 4 жыл жүргізілген, қазір тестілік режимде жұмыс жасап тұр. Тәулігіне 30 мың текше метр суды тазартады.


"Ауыз су мәселесі көп жылдар бойы шешілмей келіп еді. Жаңа станциямуз шаһар тұрғындарын сапалы сумен қамтитын болады. Жаңаөзен қаласының 2012-2020 жж. арналған әлеуметтік-экономикалық даму жоспарына сәйкес, 7000 жеке тұрғын үйді сумен қамту қарастырылған болатын. Жаңадан іске қосылып жатқан станция 150 мың адамды сумен қамтып, үш тәулікке жететін су қорын сақтайды", - деді әкім Ералы Тоғжанов.


Мұнайшылар қаласында құрылыс қарқынды жүргізіліп жатыр. "Бейбітшілік" тұрғын үй кешені осының дәлелі. Ағымдағы жылдың мамыр айында 5 қабатты 4 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. Қазір 3-ші және 4-ші қабаттары салынып жатыр. Сондай-ақ, тағы 5 қабатты 4 үйдің іргетасы қаланған. Жоспарға сәйкес мұнда 1376 пәтерден тұратын 23 үй салынады. Құрылыс 2022 жылы аяқталады деп жоспарланып отыр.


"Мұнда апатты жағдайда тұратын үйлердің тұрғындары көшіріледі. Халыққа көмектесу мақсатында біз осы құрылысты бастадық. Бұл тұрғын үйлердің барлығы жаңа технологиямен бой көтермек. Үй инвесторлардың қаражатымен салынады. Осылайша біз апатты жағдайда тұрған үйлерден құтылып, Жаңаөзен тұрғындарын жаңа баспанамен қамтимыз", - деді облыс әкімі.


Сондай-ақ, аймақ басшысы "Тәуелсіздік" алаңындағы жаңа су бұрқақтың ашылуына да қатысты. Жергілікті кәсіпкер Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына орай, тұрғындарға түрлі түсті кейіпке еніп, билеп тұратын су бұрқақты сыйға тартқан. Құрылыс 4 айға созылған. Енді шаһардың сәнін келтіріп, тұрғындардың ең көп жиналатын демалыс орталығына айналары сөзсіз дейді, қала тұрғындары.


Сонымен қатар, облыс әкімі ардагер мұнайшы Ғазиз Әбдіразақовтың өмірінен сыр шертетін "Алтын қолды адам" деректі фильмінің көрсетіліміне қатысты. Ғазиз Әбдіразақов - алғашқы өзен мұнайы мен газын өндіріп, ашқандардың бірі.


Ұлылардың есімі мәңгі ел жадында. Жаңаөзен қаласының 50 жылдығына арналған кеште шаһардың дамуына үлес қосқан жандарға облыс әкімі Ералы Тоғжанов алғыс хат табыстап, төсбелгі тақты. Аймақ басшысы мүмкіндігі шектеулі жандарды да ұмыт қалдырмай, керектінің барлығымен қамтылған көлікті сыйға тартты.

Салтанатты шара соңы, республикалық және жергілікті өнерпаздардың қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертке жалғасты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети