I-BALAQAI жобасында жоғары санатты дәрігер, балалар инфекционисі Зәуре Оспанова ересектердің эмоциялық белсенділігі үш жасқа дейінгі балалардың миының құрылымына қалай әсер ететінін айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың үзінділерінің мәтіндік нұсқасын дайындады.
I-BALAQAI жобасында жоғары санатты дәрігер, балалар инфекционисі Зәуре Оспанова ересектердің эмоциялық белсенділігі үш жасқа дейінгі балалардың миының құрылымына қалай әсер ететінін айтты. Tengrinews.kz сұхбаттың үзінділерінің мәтіндік нұсқасын дайындады.
I-BALAQAI жобасын ұйымдастырушылар - Alash Media Group медиахолдингі және Montessori Qazaqstan Public Fund. Ақпараттық серіктес - "ВКонтакте" әлеуметтік желісі.
"Бала миын дамыту тақырыбы6 мысалы мен учаскелік дәрігер немесе медбике болсам, бізге қатысы жоқ. Біз балаға қамқорлық көрсету үшін келеміз. Маған баланың сау болғаны керек. Одан бөлек, ата-ананың білімін кеңейткен дұрыс. Егер даму бойынша қандай да бір физикалық, психологиялық тәуекел болса ақпарат беру керек", - дейді дәрігер.
Ол бала өмірге келгеннен кейін аналар мен әкелерге көмекке медбикелер келетінін айтады. Ата-ана психолог, дефектолог, логопедтердің көмегіне бала үш жастан асқаннан кейін ғана жүгінеді.
Зәуре Оспанованың сөзінше, Қазақстан 2019 жылы үйде жаңа патронаж (науқастарға үй жағдайында медициналық қызмет көрсету) енгізілген елдер қатарына кірген. Өкінішке қарай, 2020 жылы коронавирус инфекциясына байланысты медбикелер тренингтер жүргізе алмаған:
"Дүние жүзінде мынадай тұжырым пайда болды: "Балалар аман қалудың жолын іздемеуі керек, олар жайқалып өсуі керек". Етістікті ауыстырып жіберіп еді, бәрі өзгеріп шыға келді. Бала уақытылы күліп, сөйлеп, аяғынан тұрып кетуі үшін ата-анаға кім көмектеседі? Учаскелік дәрігер мен медбикеден басқа ешкім қалмады", - дейді маман.
Дәрігердің сөзінше, бала өмірге келгенде бір-бірімен байланыспаған 100 миллиард нейрон болады. Нейрон жүйесін қалыптастыру үшін қолайлы орта қалыптастыру керек.
"Балаға көру, есту, сөйлеуге жауап беретін нейрон жүйесін қалыптастырып үлгеру керек. Сөйлеу қабілеті - бұл бүкіл әлемдегі адамның сауаттылық дағдысы. Сөйлеу, тілдік дағдысы әр түрлі елдегі адамның білім деңгейін анықтайды. Егер қарапайымнан күрделіге дейін көру, есту қабілеті, дыбыстар мен сөз пайда болса, онда баланың оқу қабілеті дамиды", - дейді Оспанова.
Бала миының құрылымының дамуындағы әкенің ролі
Патронаж жүйесінде әкенің ролі ерекше:
"Мен үйіңізге кіргенде сізбен ортақ тіл табысып, баланың әкесімен танысуым керек. Кәсіби медицина қызметкері ретінде сіздің күйеуіңіз, баланың әкесі бала дамуында бірдей қатысуына уақыт табуға міндеттімін. Бала дамуына әкелер де әсер ететіні туралы көптеген дәлел бар", - дейді дәрігер.
Бала миының тұрақты құрылымын қалыптастыру үшін қарапайым нейрондық байланыстардан бастап жоғары функциялардың дамуына дейін үш жыл бар.
"Себебі үш жасқа дейінгі баланың миы бірқалыпты. Ол 2,5 есе өте белсенді болады. Үш жасқа дейін балада ересек адамның миының 80 пайызы, ал 6 жасында - 90 пайызы болады. Ол үшін қолайлы орта керек", - дейді маман.
Эмпатияның маңыздылығы неде?
"Мемлекеттік функционалдық міндет тұрғысынан үш жылға дейін үнемі патронаж жасайтын адамды табыңыз. Елестетіп көріңіз, мен сіздің үйіңізге келдім, ал балаңыз көзге тік қарамайды. Сізбен сөйлесіп тұрған кезіңізде көзіңізге қарамайды. Мен оның барлығын байқап отырамын. Мысалы бала еркелеп отырған кезде әкесі оған назар аудармайды. Мен сол экожүйеге кіріп кетемін", - дейді дәрігер.
Маман бұл жағдайда "Ерте жастағы балалардың даму мониторингінің 10 қадамы" атты құрал көмектесетінін айтады.
Үй патронажымен айналысатын медбикенің міндетіне скрининг жасау, диспансерлік бақылау, ересек науқастарды қарау жатпайды.
"Аналарға аурухана бөлмесінде отырып, баланы көрмей, бөлменің қандай жағдайда екенін, адамдардың бір-біріне қалай қарайтынын білмей қарауға болмайды", - дейді Зәуре Оспанова.
Эфирдің видеожазбасын I-BALAQAI YouTube-каналынан қарай аласыздар.
Оқырмандар, көрермендер мен тыңдаушылар сұхбаттардың үзінділерін Zhuldyz FM, Tengri FM, VOSTOK FM радиостанцияларынан таба алады.
Сондай-ақ, бұл материал подкаст ретінде де қол жетімді, SoundCloud, Anchor.FM, "Яндекс.Музыка" және "ВКонтактеден" тыңдауыңызға болады.
I-BALAQAI жобасы аясында желтоқсан бойы Marwin family shop және Меломан сауда желісімен бірлесіп сертификаттар ұтысы болады. Оған I-BALAQAI-дың Instagram парақшасына жазылып, қатыса аласыздар.
Marwin family shop және Меломан сауда желісінің дүкендеріне сертификатт ұсынғандары үшін алғыс білдіреміз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!