Жаңа Салық кодексі 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның жаңа Салық кодексі 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстанның жаңа Салық кодексі 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ал жаңа құжат 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.

"Тиімділікті арттыру мақсатында жобада тиімсіз салық жеңілдіктерінің бір бөлігі алынып тасталды, барлық берілген жеңілдік салық есептілігінде көрсетіледі. Корпоративтік табыс салығының (КТС) төмендетілген мөлшерлемесі көзделген - жоғары қайта бөлінген өнімді экспорттаушылар үшін 10 пайыз", - деді Байбазаров.

Сондай-ақ, министр фискалдық саясат жөніндегі нұсқаулық аясында одан әрі әзірленетін мәселелерді де атап өтті.

"Бұл жеке табыс салығының сараланған мөлшерлемелерін белгілеу, банк секторы акционерлерінің дивидендтеріне әділ қосымша салық салу, салық жеңілдіктерінің тиімділігін арттыру, кәсіпкерлер үшін тиімді жағдайларды нашарлатпай салық режимдерін оңтайландыру, салықтық әкімшілендіруді толық цифрландыру, оның жазалау тәсілінен бас тарту, цифрлық теңгені пайдалана отырып ҚҚС әкімшілендіру тетігін енгізу және өткізу пункттерін жаңғыртуды жеделдету", - деп хабарлады министр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro