Жаңа Салық кодексі Мәжіліске өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңа Салық кодексі Мәжіліске өтті Фото:depositphotos.com

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша қорытынды дайындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мәжіліс депутаттары Қазақстанның жаңа Салық кодексінің жобасы бойынша қорытынды дайындайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, депутаттар салық салу мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер енгізеді. Бұл туралы палатаның осы сессияның бірінші жалпы отырысында Мәжіліс депутаты Татьяна Савельева мәлім етті.

Ол заң жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 және 2023 жылдарға арналған Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленгенін және биылғы 28 тамызда Үкімет қаулысымен Мәжіліске өткенін атап өтті.

"Салық кодексінің жобасы 822 баптан тұрады, қолданыстағы Салық кодексін және оны қолданысқа енгізген заңның күшін жояды. Кодекс жобасы шеңберінде мыналар ұсынылады: кейбір салалардың салық төлеушілері үшін КТС мөлшерлемесін саралау, жаңғыртуға пайданы дамыту, өңдеу және ынталандыру, қайта инвестициялау үшін салық шегерімдерін кеңейту, салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер санын қысқарту, барлық арнайы салық режимдерін оңтайландыру, салық жеңілдіктерін беруді мониторингілеу мен талдауға тәсілдерді қайта қарау, сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге ықпал ететін шаралар", - деді Татьяна Савельева.

Ілеспе заң жобасы заңнаманы жаңа Салық кодексінің жобасына сәйкес келтіру қажеттілігіне байланысты әзірленді және Қазақстан Республикасының үш кодексіне және 19 заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді.

"Қаржы және бюджет комитеті осы заң жобаларын қарауға алуға және олар бойынша қорытынды дайындауға дайын. Қолдауды сұраймын", - деп қосты депутат.

Айта кетейік, бүгін, 4 қыркүйекте Салық кодексінің жобасы Мәжіліске енді ғана түскен болатын. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, құжат 2025 жылдың шілдесіне дейін қабылданады. Оған дейін кодекс Парламентте жетілдірілетін болады.

Жаңа Салық кодексі 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети