24 сәуір 2024 | 15:35

Жаңа схема. Ұлттық банк қазақстандықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Ұлттық банкі телефон-алаяқтары жаңа айла ойлап тапқанын ескертеді. Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді және азаматтардың қаражатын сақтандырумен айналыспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ мәліметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Ұлттық банкі телефон-алаяқтары жаңа айла ойлап тапқанын ескертеді. Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді және азаматтардың қаражатын сақтандырумен айналыспайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҰБ мәліметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Ұлттық банкі жасанды интеллектті қолданушы алаяқтардың көбейіп келе жатқанын ескертті, онда олар өз құрбанының туысы, жақын адамы немесе танымал медиа-тұлғалардың дауысын салады.

"Адамның шынайы дауысын пайдалану үшін қаскөйлер мессенджерлердегі (WhatsApp, Telegram және т.б.) аккаунттарды бұзып, дауыстап айтылған хабарламаларды көшіріп алып, оларды нейрондық желіге жүктейді, не болмаса дауыс өзгертетін технологияларды қолданады. Кейін смартфон иесінің дауысы ақша жіберуді сұрайтын өтінішке айналып, дауыстық хабарлама түрінде жіберіледі, тіпті сол адамның атынан мәтінмен де келуі мүмкін", - делінген хабарламада.

Смартфонға бұзып кіру үшін алаяқтар ұялы байланыс операторының техникалық қолдау қызметінен деп қоңырау шалып, телефонға келген кодты айтуын сұрайды. Зиян тигізетін сілтемелер балалар байқауына дауыс беру немесе әлеуметтік маңызы бар тақырыптарда сауалнамаға қатысуға шақыру түрінде де жіберілуі мүмкін екені айтылды.

Ұлттық банк мәліметінше, содан кейін айласын асыруға кірісетін қаскөйлер алаяқтыққа көшіп, адамдардан ақша алу үшін туысының, әріптесінің, танысының, қандай да бір медиа-тұлғаның атынан байланысқа шығады.

"Жасанды интеллекттің әртүрлі құралымен мессенджерлерде "күштік құрылым өкілдерінің" (ҚР ІІМ, Бас прокуратура және т.б.) атынан бейнеқоңырау шалып, азаматтарды Қазақстан Ұлттық банкімен "бірлесіп жасалатын" төлем операцияларына қатысуға үндейді. Әңгіме барысында резервтелген ұяшықтың немесе брондалған қаражаттың қағаздары деп Ұлттық банктің атынан жалған құжат ұсынады. Азаматтардың сеніміне кіру үшін жалған құжаттарда мемлекеттік органдардың немесе жеке компаниялардың "уәкілетті адамы" қойған қолы мен оның аты-жөні және басылған мөрі көрсетіледі".

Ұлттық банк мобильді телефонды бұзып кіруге жол бермес үшін күдікті сілтемелерге өтпеуге, телефонға келген код пен парольді ешкімге айтпауға және жібермеуге кеңес береді.

"Ескеріңіз, Ұлттық банктің қызметкерлері мессенджер арқылы аудио/видеоқоңырау шалмайды. Банк қызметкері болып қоңырау шалған адаммен арадағы әңгімені үзіп, қандай да бір шараға немесе төлем операцияларын жүргізуге қатысудан бас тартыңыз.

Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейтінін, ақша құралдарын сақтандырумен айналыспайтынын және халықпен ақшалай есеп айырысу операцияларын жүргізбейтінін еске саламыз. Егер сіз немесе танысыңыз алаяқтың құрбаны болса, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарына жүгінуге, арыз жазуға кеңес береміз. Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі арқылы Ұлттық банктің Байланыс орталығына да хабарласуға болады".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети