Жаңа тағайындалған вице-министрлер немен айналысады?

27 Сәуір 2018, 11:47
0
Жаңа тағайындалған вице-министрлер немен айналысады? -

Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов ведомство ұжымына жана вице-министрлерді таныстырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тимур Сүлейменов жаңа тағайындалған вице-министрлерді таныстыра отырып, Мәдина Жүнісбекованың стратегиялық жоспарлау және талдау, сондай-ақ, әлеуметтік саясат пен мемлекеттік органдардың және жоба басқармасының дамуына қатысты мәселелермен айналысатынын айтты.

Ал Дана Жүнісова халықаралық экономикалық интеграция және халықаралық ынтымақтастық, сауда және сыртқы сауда мәселелеріне жетекшілік ететін болды.

Тағайындалған вице-министрлер Мәдина Жүнісбекова мен Дана Жүнісова сенім білдіргені үшін басшылыққа рақмет айтып, елдің дамуы үшін жемісті еңбек етуге дайын екендерін айтты.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай