02 наурыз 2015 | 15:50

Жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша ауданы шағын пәтерлер салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Stroyinvest.ru ©Stroyinvest.ru

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтерлердің ауданы шағын болады. Мәселен, бір бөлмелі пәтердің ауданы 33 шаршы метр болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен өтіп жатқан қоғамдық кеңес отырысынан.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда жаңа тұрғын үй бағдарламасы бойынша пәтерлердің ауданы шағын болады. Мәселен, бір бөлмелі пәтердің ауданы 33 шаршы метр болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалық етуімен өтіп жатқан қоғамдық кеңес отырысынан.

"Бағдарлама шарттары бойынша, ауданы шағын пәтерлерге көбірек мән беріледі. Бір бөлмелі үйдің ауданы - 33 шаршы метр, екі бөлмелі пәтердікі - 45 шаршы метр және үш бөлмелі - 62 шаршы метр. Ауданы 50 шаршы метр пәтерді жалға алудың (сатып алу құқығы бар) ай сайынғы орташа төлемі 56 мың теңгеден аспайды, ал сатып алу құқығынсыз берілетін пәтерді жалдаудың ай сайынғы төлемі 28 мың теңгеден аспайды", - деді Сағынтаев.  

Парламент Мәжілісі спикерінің орынбасары Дариға Назарбаеваның айтуынша, Үкімет депутаттардың ұсынысын есепке алды. "Кезекте тұрғандарды барынша қамту үшін және пәтерді сатып алу мен құрылысындағы ай сайынғы төлемді азайту үшін ауданы шағын пәтерлерге назар аударылады. Типтік жобалар жасалды. Бұл жобалар тұрғын үйлерді салуда кезекте тұрғандардың сұранысы мен мүмкіндігін есепке ала отырып, әртүрлі бөлмелі және түрлі көлемдегі пәтерлерді сыйдыруға мүмкіндік береді", - деді Назарбаева.

Премьер-министрдің бірінші орынбасарының айтуынша, пәтерлерді үлестіруде көпбалалы отбасыларға, толық емес отбасыларға, мүгедек баласы бар отбасыларға, мемлекеттік қызметкерлерге және бюджеттік ұйым қызметкерлеріне басымдық беріледі. Тұрғын үйдің 50 пайызы некелескендеріне 3 жылдан асқан 35 жастағы жас отбасыларға үлестіріледі.  

"Нұрлы жол" бағдарламасының аясында жалпы 29 мың пәтер соғылып, үй салушылардан сатып алынады. Оның ішінде жалға берілетін баспананың шамамен 60 пайызы агломерация-қалаларда тапсырылады - Астана, Алматы, Шымкент, Ақтөбе. Ал 40 пайызы облыс орталықтарында, моноқалаларда, сонымен қатар ауыл пункттерінде беріледі. 

Сағынтаевтың айтуынша, қазіргі уақытта коммуналдық тұрғын үй қорында баспана алу үшін 300 мың адам кезекте тұр, оның 130 мыңнан астамы әлеуметтің әлжуаз тобына жатады, 124 мыңы - бюджеттік ұйым қызметкерлері мен мемлекеттік қызметкерлер, ал 43 мыңы - жетім балалар.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети