Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Қазақстанның премьер-министрі етіп тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әлихан Смайыловты Қазақстанның премьер-министрі етіп тағайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлихан Смайылов Үкімет 2022 жылғы 5 қаңтарда отставкаға кеткеннен кейін премьер-министрдің міндетін атқарушы болып тағайындалды.
Ол 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды "Қолданбалы математика" мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы ҚМЭБИ-ді бітіріп, мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі берілді. Әлихан Смайыловты Президент кездесулері кезінде Ақорданың баспасөз қызметінің суреттерінен жиі көруге болады.
Смайылов еңбек жолын 1993-1995 жылдары "А-Инвест"инвестициялық-жекешелендіру қорында бас маман лауазымынан бастаған.
1996 жылы ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма бастығының орынбасары, басқарма бастығы болды. 1998 жылғы наурыз-сәуір аралығында Қазақстан Республикасы статистикалық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары болды.
1998-1999 жылдары Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы, бөлімнің экономикалық секторының меңгерушісі болды.
1999 жылдан 2003 жылға дейін Қазақстан статистика агенттігінің төрағасы болып жұмыс істеді. 2003 жылғы ақпан-шілде аралығында-Қазақстан Республикасының Сыртқы істер вице-министрі болды.
2003-2006 жылдары - "Экспорттық кредиттер мен инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру компаниясы" АҚ басқармасының төрағасы.
Әлихан Смайылов (оң жақтағы шеткі) Hotel Properties Limited негізін қалаушы Онг Бэнг Сэнгпен кездесуде
Екі рет Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі болып тағайындалды (2006-2007 және 2008-2009 жылдары)
2007-2008 жылдары - "ҚазАгро "Ұлттық холдингі" АҚ президенті болды.
2009 жылы Статистика агенттігінің төрағасы болып қайта тағайындалды. Қызметін 2014 жылға дейін атқарды. 2014-2015 жылдары - Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы.
2015 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды.
2019 жылғы ақпанда Мәжіліс Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі лауазымында Әлихан Смайыловтың кандидатурасын мақұлдады.
"Құрмет" орденімен, "Ерен еңбегі үшін", "Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл", "Қазақстан Конституциясына 10 жыл", "Астанаға 10 жыл" медальдарымен марапатталған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!