Жанәбіловтер ескертуге қарамастан ұтыс ойындарын жалғастырып жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанәбіловтер ескертуге қарамастан ұтыс ойындарын жалғастырып жатыр видео кадры

Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова Құмар ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің ескертуіне қарамастан, Instagram-да ұтыс ойындарын өткізуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова Құмар ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитетінің ескертуіне қарамастан, Instagram-да ұтыс ойындарын өткізуді жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болды?

25 тамызда Ерболат Жанәбілов Instagram-да 24 iPhone смартфонының алдағы ұтыс ойыны туралы айтты.

Бұл жолы блогер алдыңғы тәжірибені және шағымдар легін ескеріп, ұтыс ойыны тек оның оқыту курстарын сатып алған адамдардың арасында өтетінін алдын ала ескертті.

Дау қалай өрбіді?

Еске салайық, бұған дейін блогерлер Instagram-да 11 автокөлікті ойнататындарын жариялаған болатын. Шарты қарапайым көрінген — репост жасау. Алайда 21 тамызда жазылушылар тікелей эфирдің орнына құны 30 мың теңге тұратын Zhana Business ақылы курсының сілтемесін көрген. Конкурсқа тек курсты сатып алғаннан кейін ғана қатысуға мүмкіндік берілетіні белгілі болды. Бұл жазылушылар арасында наразылық тудырды.

Пайдаланушылар құқық қорғау органдарынан схеманың заңдылығын тексеруді сұрады: блогерлер салық төлей ме, шынымен де көліктерді ойната ма, сондай-ақ ақшаны қайтаруға тыйым салу заңды ма деген сұрақтар қойылды. ҚМА материалдарды басқа мемлекеттік органдарға тексеруге жіберді.

Туризм және спорт министрлігі пікірі

Осыдан кейін Қазақстанның Туризм және спорт министрлігі конкурсқа тексеру басталғанын хабарлады, ал Құмар ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті Ерболат Жанәбіловқа түсініктеме беру туралы хабарлама жолдады.

Комитетте, егер жауап болмаса, мәселе сырттай қаралатынын атап өтті.

Министрлік заң бойынша ұтыс ойындарын өткізіп, билеттерді тек ресми ұйымдастырушылар мен агенттер ғана тарата алатынын еске салды.

Жанәбіловтаер кімдер?

Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова — танымал қазақстандық блогерлер. Олардың парақшасына сәйкесінше 8,4 және 7,1 миллион адам жазылған. Жарияланымдары тұрақты түрде миллиондаған қаралым жинайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети