Жанәбіловтер сотқа келді

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жанәбіловтер сотқа келді Архив фото © Tengrinews.kz

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Ерлі-зайыпты сотқа адвокаттарымен бірге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты іс бойынша алдын ала сот отырысы басталды. Ерлі-зайыпты сотқа адвокаттарымен бірге келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Отырыс Астана қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатыр. Танымал блогерлерге ҚК-нің 214-бабы 2-бөлігі 2-тармағы "Заңсыз кәсіпкерлік", 218-бабы 2-бөлігі 1-тармағы "Қылмыстық жолмен алынған ақшаны және (немесе) өзге мүлікті заңдастыру (жылыстату)" бойынша айып тағылған.

Сот залында блогерлердің адвокаты сот талқылауын жабық режимде өткізу туралы өтінішхат білдірді, алайда прокурорлар бұған қарсылық танытты. Сот қорғау тарапының өтінішін қанағаттандырудан бас тартты.

Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенова сот тыңдауы кезінде БАҚ өкілдерінің оларды түсіруіне қарсы.

Айта кетейік, блогерлер заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысты және қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырды деген күдікке ілінген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.69  course up  562.33  course up  6.11  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети