Жаңажылдық демалыс күндері Алматыда автобустар қалай жүреді?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңажылдық демалыс күндері Алматыда автобустар қалай жүреді? Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Алматы әкімдігі жаңа жылдық демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмыс кестесі туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігі жаңа жылдық демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмыс кестесі туралы түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімдік мәліметінше, жыл сайын жаңа жылдық мереке күндері Алматы қаласында жолаушылар ағыны айтарлықтай төмендейді. Мысалы, 2022-2023 жылдары жаңа жылдық демалыс күндері Көлік холдингінің мәліметінше, жолаушылар ағыны күніне 300 мың адам, ал жұмыс күндері бұл көрсеткіш 1,5 млн адамға жетеді.

Алдағы мереке күндері Алматыда қоғамдық көлік келесі кесте бойынша жұмыс істейтін болады:

  • 2023 жылғы 30 және 31 Желтоқсанда және 2024 жылғы 2 қаңтарда - штаттық режимде сағат 23:00-ге дейін, желіде жылжымалы құрамның 80 пайызы жүретін болады;
  • 2024 жылғы 1 қаңтарда жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуі күтілуде, осыған байланысты автобустардың 50 пайыз желіге шығарылатын болады.

"Медеуге" дейін жүретін №12 маршрут жылжымалы құрамның 20 бірлігі желіге шыға отырып, демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 23:30-ға дейін штаттық режимде жұмыс істейтін болады. №3 түнгі маршруттың жұмысы өзгеріссіз қалады.

Алматы метрополитені демалыс күнінің кестесі бойынша сағат 06:20-дан 00:00-ге дейін жұмыс істейтін болады, қозғалыс аралығы 10 минутқа дейін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети