Жаңажылдық құттықтаулар: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңажылдық құттықтаулар: ІІМ қазақстандықтарға ескерту жасады ЖИ көмегімен жасалған

ІІМ мерекеде кезінде жалған ашықхаттар мен "тиімді" жеңілдіктерге сенбеуді ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ мерекеде кезінде жалған ашықхаттар мен "тиімді" жеңілдіктерге сенбеуді ескертеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ІІМ мәліметінше, мереке қарсаңында алаяқтар белсенді түрде әрекет етеді. Олар қауіпті файлдар тіркелген “жаңажылдық құттықтауларды” таратып, сондай-ақ бағасы әдейі төмендетілген сыйлықтар мен тауарлар туралы жалған хабарландырулар жариялайды. Ақша аударылғаннан кейін байланысты тоқтатады.

"Алаяқтар анимациясы немесе музыкасы бар жарқын құттықтау жіберіп, файл арқылы парольдерге, банк карталарына және қосымшаларға қол жеткізеді. Сондай-ақ нарықтағы бағадан едәуір төмен бағада тауар немесе сыйлық ұсынады. Ақшаны шұғыл түрде аударуға көндіреді. Төлем жасалған соң хабарландыруды өшіріп, жауап бермейді", - делінген хабарламада.

Алаяқтар жиі жалған аккаунттар мен қолдан жасалған пікірлерді пайдаланып, өзін сенімді сатушы ретінде көрсетеді.

"Сондықтан бейтаныс сатушыларға алдын ала ақша аудармауды пікірлер мен аккаунттың тарихын мұқият тексеруді ескертеміз. Бейтаныс адамдардан келген файлдар мен сілтемелерді ашпай, apk кеңейтімі бар файлдарды бірден өшіргеніңіз абзал. Қауіпсіздік бәрінен маңызды. Өзіңізді және қаражатыңызды қорғаңыз", - деп ескертті ІІМ өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 514.32  course up  603.27  course up  6.41  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети