Су алған аймақ
Ауа температурасының күрт жылынуы салдарынан Қаратаудан аққан топан су Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің шығыс жақ беткейінде орналасқан тұрғын үйлер мен нысандарды шайып өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Аудан орталығы болып есептелетін Жаңақорған кенті Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 178 шақырым қашықтықта орын тепкен. Онда шамамен 25 мыңдай адам тұрады. Аудан орталығының бір жағынан Сырдария өзені ағып өтсе, оңтүстікті бойлап жатқан Қаратаудың соңғы сілемдері ауданның шекарасына жетіп жығылады. Ауданды 80 мыңға жуық халық мекен етеді. Қаратау сілемдері Жаңақорған кентінен жоғарыда орын тепкен. Аталған оқиғаға байланысты бүгінде арнайы штаб құрылған. Қалпына келтіру жұмыстарына төтенше жағдай кезінде әрекет ететін барлық күш құралдар тартылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Жаңақорған аудандық комиссиясының 3 тобы құрылды. Су басу салдарынан келген зардаптың шығынын анықтау мен есепке алу жұмыстарын жүргізуде. Көшелерге ауыр жүк көліктері арқылы құм төселіп, тұрғын үй аулаларында жиналған суды су тартқыш техникалары арқылы судан тазарту жұмыстары жүргізілді. Қауіпті аумақтағы тұрғындар толығымен қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қазіргі уақытта топан суды Самара-Шымкент автожолы бойындағы Самара-Шымкент-Жаңақорған көпірінің астынан бөгеп, су арнасы басқа қауіпсіз бағытқа қарай бұрып, бөгетті күшейту жұмыстары жүргізілуде. Құтқару жұмыстарына жалпы аудан бойынша 347 адам, 64 техника қатыстырылып, жұмыс жасауда. Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында қар қалың жауды. Сондықтан көктемгі мезгілде қарғын сулар жергілікті тұрғындарға қиындық алып келуі мүмкін деген болжамдар айтылуда.
Ауа температурасының күрт жылынуы салдарынан Қаратаудан аққан топан су Қызылорда облысы Жаңақорған кентінің шығыс жақ беткейінде орналасқан тұрғын үйлер мен нысандарды шайып өтті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Аудан орталығы болып есептелетін Жаңақорған кенті Қызылорда қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 178 шақырым қашықтықта орын тепкен. Онда шамамен 25 мыңдай адам тұрады. Аудан орталығының бір жағынан Сырдария өзені ағып өтсе, оңтүстікті бойлап жатқан Қаратаудың соңғы сілемдері ауданның шекарасына жетіп жығылады. Ауданды 80 мыңға жуық халық мекен етеді. Қаратау сілемдері Жаңақорған кентінен жоғарыда орын тепкен.
Аталған оқиғаға байланысты бүгінде арнайы штаб құрылған. Қалпына келтіру жұмыстарына төтенше жағдай кезінде әрекет ететін барлық күш құралдар тартылды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі Жаңақорған аудандық комиссиясының 3 тобы құрылды. Су басу салдарынан келген зардаптың шығынын анықтау мен есепке алу жұмыстарын жүргізуде. Көшелерге ауыр жүк көліктері арқылы құм төселіп, тұрғын үй аулаларында жиналған суды су тартқыш техникалары арқылы судан тазарту жұмыстары жүргізілді. Қауіпті аумақтағы тұрғындар толығымен қауіпсіз жерлерге көшірілді. Қазіргі уақытта топан суды Самара-Шымкент автожолы бойындағы Самара-Шымкент-Жаңақорған көпірінің астынан бөгеп, су арнасы басқа қауіпсіз бағытқа қарай бұрып, бөгетті күшейту жұмыстары жүргізілуде. Құтқару жұмыстарына жалпы аудан бойынша 347 адам, 64 техника қатыстырылып, жұмыс жасауда.
Үстіміздегі жылы Қызылорда облысында қар қалың жауды. Сондықтан көктемгі мезгілде қарғын сулар жергілікті тұрғындарға қиындық алып келуі мүмкін деген болжамдар айтылуда.