12 сәуір 2023 | 09:40

Жаңаөзенде бір топ адам жолды жауып тастады - полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

12 сәуір күні таңертең Жаңаөзен қаласында бір топ азамат қала тұрғындарының көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

12 сәуір күні таңертең Жаңаөзен қаласында бір топ азамат қала тұрғындарының көлік қозғалысына кедергі келтіріп, жолды жауып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қоғамдық қауіпсіздікті және көлік құралдарының кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін полиция қызметкерлері оларды профилактикалық әңгіме жүргізу үшін Жаңаөзен қаласы полиция басқармасына жеткізді. Мұндай іс-әрекет ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтың 614-бабы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша шара қолдануға және ол 10 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде жауаптылыққа әкеп соғады", - деді полиция қызметкерлері.

Еске салайық, кеше Жаңаөзеннен Астанаға 60-70-ке жуық жұмысшы келіп, Энергетика министрлігі ғимараты маңында пикетке шыға бастады. Жиналғандар өздерін "Өзенмұнайгаз" штатына ("ҚазМұнайГаз"еншілес компаниясы) жұмысқа орналастыруды талап еткен. ҚМГ баспасөз қызметі мәліметінше, олар тендерден ұтылған, "Өзенмұнайгаз" үшін мұнай сервис қызметтерін орындайтын "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети