Жаңаөзенде жер астынан биік субұрқақ атқылады - видео

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде жер астынан биік субұрқақ атқылады - видео Бейнеден алынған кадр

Жаңаөзенде мұнай өндіруші компания нысанында апат болды. Куәгерлер жер астынан атқылаған үлкен субұрқақты видеоға түсіріп алған. Өңірдің экология департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Департаменттің мәліметінше, 27 сәуір күні сағат 15:15 шамасында "Өзенмұнайгаз" АҚ-ның мұнай дайындау және өндірістік қызмет көрсету басқармасына қарасты №4 теңіз сорғы станциясында құбыр жарылған.

"Зақымдану салдарынан тесік пайда болып, су атқылай бастаған. Жер қойнауын пайдаланушы болған оқиға туралы сол күні сағат 18:24-те хабарлады", - деді ведомство өкілдері.

Алдын ала мәліметтер бойынша, құбырдың жарылу себебі әлі анықталған жоқ. Қазіргі уақытта апат толығымен жойылды, зардап шеккендер жоқ.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

112 - Ақтау - Актау (@112_aktau) жариялаған жазба

Экология департаменті бұл дерек бойынша зертханалық-талдау бақылау мамандары қоршаған ортаның жай-күйіне мониторинг жүргізіп жатқанын атап өтті. Тексеру нәтижелері қосымша жарияланады.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 463.09   541.61   6.19 

Ауа райы

Алматы

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер