Жаңаөзенде жоғалып кеткен әйел сегіз айдан аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде жоғалып кеткен әйел сегіз айдан аса уақыттан бері іздестіріліп жатыр

Жаңаөзенде былтыр тамызда жоғалып кеткен 47 жастағы Дина Жарылғасоваға іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.


Жаңаөзенде былтыр тамызда жоғалып кеткен 47 жастағы Дина Жарылғасоваға іздеу жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Lider.kz еріктілерінің айтуынша, әйел 1-шағынауданда тұрған. Ол 2025 жылдың 5 тамызында сағат кешкі 7:00 шамасында үйінен шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз.

Жоғалған адамның белгілері: бойы – шамамен 170 сантиметр, дене бітімі орташа.

Жоғалған күні Дина Жарылғасова ақ таңбалары бар қара көйлек және өрнекті ұзын қызыл жилет киген. Қолында хаки түсті шағын сөмкесі болған.

Туыстары мен еріктілер әйелді көрген-білгендерден немесе оның жүрген жері туралы қандай да бір ақпараты бар жандардан хабарласуды сұрайды.

Мәліметтерді мына телефон нөмірлері арқылы хабарлауға болады: +7 (700) 911-72-92 немесе 102.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.95   552.93   5.68 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети