Жаңаөзенде жұмысшылар ереуілге шықты

viewings icon 1010 comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: © lada.kz Фото: © lada.kz

"Фиркрофт" ЖШС жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. Олар талаптары үш күн ішінде орындалмаса, Жаңаөзендегі басқа мұнай компания қызметкерлерін наразылыққа шақыратынын айтты, - деп хабарлады Lada.kz.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Фиркрофт" ЖШС жұмысшылары жалақысын көтеруді талап етіп, ереуілге шықты. Олар талаптары үш күн ішінде орындалмаса, Жаңаөзендегі басқа мұнай компания қызметкерлерін наразылыққа шақыратынын айтты, - деп хабарлады Lada.kz.

Бұрын Жаңаөзен әкімдігінде наразылыққа шыққан "Фиркрофт" ЖШС қызметкерлері 19 сәуірде ереуіл жариялады. Олардың айтуынша, олар жұмыс істеп жатқан қала әкімдігі мен "Бұрғылау" ЖШС басшылығы талаптарын орындай алмаған.

"Өңірлік мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасынан Жаңаөзен әкімінің орынбасары мен кеңесшісі, "Фиркрофт" ЖШС бас директоры келді. Олар мәселемізді шеше алмады. Сондықтан ол шешілгенше ереуілге шыға береміз", - деді жұмысшылардың бірі.

Ереуілшілер Маңғыстау әкімі мен Қазақстан Республикасының Президентіне бейнеүндеу жариялады. Олар егер талаптары үш күнде орындалмаса, Жаңаөзендегі барлық мұнай компаниясы қызметкерлерін ереуілге шақыратынын айтты.

Маңғыстау облысының мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Нұралы Баулыбаевтың айтуынша, жұмысшылар өздерін "Бұрғылау" ЖШС штатына ауыстыруды талап етеді. Бірақ мұндай шаралар заңда көзделмеген.

"Бұрғылау" ЖШС басшылығы бірнеше жұмыскерді жұмысқа орналастыруға көмектесуге дайын екенін айтты. Жыл соңына дейін компанияда шамамен сегіз лауазым босайды және бұл орындарға қазір ереуілге шыққан бірнеше қызметкерді ала алады. Алайда қызметкерлер биыл штатқа кемінде 40 қызметкерді қабылдауды талап етеді және бұл талапты орындау мүмкін емес, өйткені компания штаты толық", - деді Нұралы Баулыбаев.

Ол "Фиркрофт" ЖШС қызметкерлерінің жалақысын "Бұрғылау" ЖШС штаттық қызметкерлерінің жалақысына теңестірумен Атыраудағы еңбек инспекциясы айналысатынын, өйткені "Фиркрофт" ЖШС сол жерде тіркелгенін айтты.

"Бүгінде тексеру жүргізіліп жатыр, оны аяқтағаннан кейін жалақыны теңестіру және биыл қаңтардан бастап қайта есептеу бойынша шаралар қабылданады. Біз бұл мәселені компания қызметкерлеріне түсіндірдік", - деді Нұралы Баулыбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы
16°C Бүгін алабұлтты, жағымды ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro