Жаңаөзенде коронавирус таралды деп хабарлама таратқан медбике жұмысынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде коронавирус таралды деп хабарлама таратқан медбике жұмысынан айырылды Видеодан алынған кадр

Жаңаөзенде қалалық аурухананың медбикесі WhatsApp мессенджерінде коронавирус туралы жалған мәлімет таратқан, - деп хабарлайды Lada.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жаңаөзенде қалалық аурухананың медбикесі WhatsApp мессенджерінде коронавирус туралы жалған мәлімет таратқан, - деп хабарлайды Lada.kz.

Әйелдің айтуынша, ол осылайша туыстарын алдамақ болған.

Басылымның мәліметінше, кеше, 3 наурызда WhatsApp мессенджерінде Жаңаөзенде коронавирус жұқтырғандар анықталды деген хабарламалар тарай бастаған. Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бұл мәлімет шындыққа жанаспайды және Жаңаөзенде коронавирус тіркелген жоқ.

Жалған хабарлама таратқан әйелдің аты-жөні анықталды, оның есімі - Арухан Шырақбаева.

Шырақбаеваның айтуынша, ол қалалық ауруханаға вирус жұқтырды деген күдікпен Оңтүстік Кореядан студент қыздың келгенін айтты. Осыдан кейін ол тұрғындарынан кешірім сұрап, видео жариялады.

"Шындыққа жанаспайды. Жаңаөзен тұрғындарынан кешірім сұраймын", - дейді Арухан Шырақбаева.

Маңғыстау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Шырақбаева өз еркімен жұмыстан кету туралы өтінішін берген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети